
Құланөтпес ауылында жергілікті ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің бастамасымен және қолдауымен ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Бұл игі істі жүзеге асырып отырған – ауылдың ірі шаруашылықтары: «Құлан-Өтпес» ЖШС, «Абдыкеров» ШҚ, «Бахтияр» ШҚ және «Береке» фермерлік шаруашылығы.
Шаруа қожалықтарының бірлігі мен туған жерге деген жанашырлығының нәтижесінде ауылдың барлық көшелерін қамтитын ағымдағы жол жөндеу жұмыстары қолға алынды. Жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы — 6 шақырымды құрайды.
Аталған жұмыстар ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың күнделікті қозғалысын жеңілдетуге және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жол жөндеу жұмыстарының толық аяқталуы шілде айының соңына жоспарланып отыр.
Бұл бастама ауыл кәсіпкерлерінің туған өлкеге деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Өз қаражаттары есебінен жол жөндеу жұмыстарын бастау – ауылдың әлеуметтік дамуына қосылған маңызды үлес.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1033460?lang=kk

Жауап қалдыру