
Шортанды ауданында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның төрағалығымен өсімдіктерді қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Агрономиялық кеңес барысында өсімдіктерді қорғау саласындағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өнімділікті арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары талқыланды. Агротехникалық іс-шараларды белгіленген мерзімде жүргізу мен өсімдік шаруашылығына заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мұрат Балпан аграрлық сектордың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытып отырғанын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1033662?lang=kk

Жауап қалдыру