
Авторлық құқық — бұл ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға және пайдалануға байланысты құқықтық нормалар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген басты қағида:авторлық құқық туындының жасалу фактісіне байланысты туындайды. Оның пайда болуы мен жүзеге асырылуы үшін ешқандай арнайы тіркеу талап етілмейді. Сіз мәтінді жазып біткен немесе суретке түсірген сәтте-ақ автоматты түрде автор боласыз және сіздің туындыңыз заңмен қорғалады («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңның 9-бабы).
Авторлық құқық – автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары. Авторлық құқық және сабақтас құқығы авторлардың өнер туындыларын, қойылымдарды, орындаушылықты, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын қорғайды.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берiлу әдiсi мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектiң нәтижесi болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады. Авторлық құқық белгiлi бiр объективтi түрге ие болған:
- жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
- ауызша (көпшiлiк алдында айтушылық, көпшiлiк алдында орындаушылық және сол сияқты);
- үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттiк, оптикалық және сол сияқты);
- бейнелеу (сурет, нобай, көркем сурет, жоспар, сызба, кино, телебейне – немесе фотокадрлар және солсияқты);
- көлемдi – кеңiстiктi (мүсiн, үлгi, макет, ғимарат, жәнесолсияқты);
- өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан шыққан, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiк алдында көрсетiлген), жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1033385?lang=kk

Жауап қалдыру