Вопросы детской безопасности и семейного благополучия на контроле акимата Кокшетау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Көкшетау қаласында қала әкімінің орынбасары Айгүл Бексұлтанқызы Нугертаеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар, отбасылық қолайсыздық жағдайлары, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамау мәселелері қаралды.

Әрбір мәселе бойынша балалардың құқықтарын қорғауға және осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған нақты шаралар қабылданды.

Комиссия қаладағы балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/press/news/details/1033162?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді