Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІККЕ 250-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ
Бүгін Түлкібас ауданында кезекті жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға Жабағылы ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері мен аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің мамандарынан құралған 250-ге жуық адам белсене қатысты.
Сенбілік барысында Жабағылы ауылындағы туристер көп келетін демалыс аймақтарының маңы қоқыстан тазартылып, көше бойлары ретке келтіріліп, қоқыс қалдықтары арнайы техникамен шығарылды.
Мұндай сенбіліктер — тек тазалық шарасы ғана емес, қоғамдық белсенділік пен экологиялық мәдениетті арттырудың нақты көрінісі. Аудан тұрғындарын бір мақсатқа біріктіретін бұл бастаманың мақсаты — “Таза Қазақстан” республикалық шарасына қолдау көрсету, қоршаған ортаны қорғау, өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту және табиғи сұлулығын сақтау. Айта кетейік, Түлкібас ауданы әкімдігі мен тиісті мекемелер тарапынан аймақтың тазалығын қамтамасыз ету, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау және экологиялық тұрақтылықты арттыру бағытында жұмыстар тұрақты түрде жалғасын таба бермек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
___________
ТУРКЕСТАН: В ТЮЛЬКУБАСЕ В СУББОТНИКЕ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ ОКОЛО 250 ЧЕЛОВЕК
Сегодня в Тюлькубасском районе прошел очередной общегородской субботник. В мероприятии приняли активное участие около 250 человек из числа сотрудников акимата сельского округа Жабагылы и специалистов самостоятельных отделов акимата района.
В ходе субботника были очищены от мусора окрестности зон отдыха с большим количеством туристов в селе Жабагылы, приведены в порядок улицы, вывезены отходы мусора специальной техникой.
Такие субботники – это не только мера чистоты, но и реальное проявление общественной активности и повышения экологической культуры. Цель данной инициативы, объединяющей жителей района в одну цель — поддержка республиканского мероприятия “Таза Қазақстан”, охрана окружающей среды, улучшение экологического состояния и сохранение природной красоты региона. Отметим, что акиматом Тюлькубасского района и соответствующими учреждениями будет продолжена работа по обеспечению чистоты региона, контролю за соблюдением санитарных требований и повышению экологической устойчивости.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1033849?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді