
Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қала аумағында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымының алдын алу және анықтау мақсатында, Түркістан қаласы әкімдігімен бірлесіп, жоспарлы түгендеу жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шаралар барысында заңнама талаптарының бұзылуы бойынша бірнеше фактілер анықталып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.
Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес, заңда белгіленген салықтар мен алымдарды, сондай-ақ өзге де міндетті төлемдерді төлеу – әркімнің азаматтық борышы әрі міндеті болып табылатынын ескертеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Заң талаптарын сақтай отырып, ортақ тәртіп пен әділеттілікке үлес қосайық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1033960?lang=kk

Жауап қалдыру