Қазыбек Нөгербек Францияда өткен халықаралық шахмат турнирінде қола жүлдеге ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының спортшысы, гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
20 жастағы елордалық Қазыбек 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, жүлделі үшінші орынды иеленді.
Турнирдің соңғы кезеңінде қазақстандық екі гроссмейстер – Қазыбек Нөгербек пен 24 жастағы Әлішер Сүлейменов өзара кездесіп, тартысты ойын көрсетті. Бұл партия турнирдегі ең қызықты және шешуші кездесулердің бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/951112


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді