Махамбет аудандық мәслихатының кезектен тыс 31-сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10, 19 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихаттың кезектен тыс 31-сессиясын 2025 жылдың 18 шілде күні сағат 11:00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залына шақыру туралы шешім қабылдады.
31-сессия төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:
- Бір топ азаматқа Махамбет ауданының Құрметті азаматы атағын беру туралы
Хабарламашы: Мұханғалиев Алшынбек – аудан әкімі аппаратының басшысы
- Көшелерге атау беруге ұсыныс енгізу туралы
Хабарламашы: Мұханғалиев Алшынбек – аудан әкімі аппаратының басшысы
- Басқа да мәселелер
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырыстары 2025 жылдың 18 шілде күні сағат 09:30–да аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mahambet-district/press/news/details/1034091?lang=kk

Жауап қалдыру