Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 11 шілдеде басқарма мамандары  “ҚТЖ-Жүк тасымалы” ЖШС-“Ақмола бөлімшесі” филиалының Атбасар станциясының  қызметкерлері үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында «Жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша санитариялық – эпидемияға қарсы, санитариялық – профилактикалық іс-шаралар», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарына семинар өткізді.

Семинар аясында басқарма мамандары қатысушыларға жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулар (туберкулез, сібір жарасы, туляремия, Конго – Қырым геморрагиялық қызбасы, құтыру) бойынша санитариялық – эпидемияға қарсы және санитариялық – профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін түсіндірді.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шараларымен танысты.

Семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді, жадынамалар мен парақшалар таратылды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1034231?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді