🔰Абай облысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың басынан бері Абай облысының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 1977 әкімшілік құқықбұзушылықты тіркеді. Мұндай әрбір жағдай – дереу әрекет етуді талап ететін дабыл.

Қайталанатын құқықбұзушылықтардың алдын алу және жәбірленушілерді қорғау мақсатында ішкі істер органдары тиімді құқықтық тетіктерді қолдануда. Атап айтқанда, құқықбұзушыларға қатысты 172 ерекше талап қойылып, олардың мінез-құлқы мен жәбірленушімен байланысына белгілі бір шектеулер енгізілді. Сондай-ақ, 299 қорғау нұсқамасы беріліп, құқықбұзушыларды уақытша оқшаулауға мүмкіндік туып, жәбірленушілер үшін қауіпсіз орта қамтамасыз етілді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ішкі істер органдары жүйелі жұмыс жүргізуде: түсіндіру әңгімелері өткізіліп, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік және медициналық қызметтер тартылуда.

Полиция азаматтарды үнсіз қалмауға шақырады. Егер сіз зорлық-зомбылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз – бірден көмекке жүгініңіз. Қорғау, қолдау көрсету және қауіпсіздікті қалпына келтіру – әрбір полиция қызметкерінің басты міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1034302?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді