САРЫАҒАШ: ҚАБЛАНБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес 13 шілде күні ауылдық округ әкімдерін тұрғындар  тікелей өздері сайлады.

 

Сайлау нәтижесі бойынша басым дауыспен жеңіске жеткен  Турдалин Нұрсұлтан  Әшірбекұлы  Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  Шешімімен  Қабланбек ауылдық округ  әкімі болып тағайындалды.

 

Осы ретте, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округ әкімі аппараты активіне  Н.Турдалинді  таныстырып, жаңа қызметімен құттықтады. Сонымен қатар, Сарыағаш аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Тоқтамұрат Балабаев қызметтік куәлігін табыстады.

 

– Жаңа басшыға үлкен жауапкершілік пен маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Аудан экономикасы мен жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын көтеру бағытында жаңа жобалар күтеміз. Халықпен бірлесе отырып, қордаланған мәселелерді жедел шешуге күш салады деп сенемін, –деді Арман Абдуллаев.

 

Турдалин Нұрсұлтан Әшірбекұлы 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын  2011 жылы Астана қаласындағы сот актілер орындау  департаментінде іс жүргізуші болып бастаған. 2012-2013 жылдары  «АБАЙЛ» ЖШС мекемесінде  заңгер, 2013 -2015  жылдары  Қабланбек ауылдық округ әкімі аппаратында жетекші маман болған.  2015 жылы «АБАЙЛ» ЖШС мекемесіне  заңгер қызметіне қайта ауысып , 2020 жылдың  ақпан айына дейін  жұмыс жасаған.

2020 жылдың наурыз айынан бастап 2025 жылдың шілде айына дейін Қабланбек ауылдық округ әкімі аппаратында бас маман болып қызмет атқарған.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1034372?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді