Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыр атлетика: Елордада өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында отандастарымыз жоғары нәтиже көрсетіп, 21 алтын, 12 күміс және 17 қола медаль жеңіп алды.

Құзға өрмелеу: Францияның Шамони қаласында өткен құзға өрмелеуден Әлем кубогі кезеңінде ұлттық құрама мүшесі Ришат Хайбуллин күміс жүлдеге ие болды.

Таеквондо: Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында ұйымдастырылған командалық Әлем кубогінде Қазақстанның ерлер құрамасы қола медаль, әйелдер күміс, аралас-командалық жарыста құрама күміс, дәл осы жарыстың жекелей сынында таеквондошылар 2 күміс, 2 қола жеңіп алды. 

Теннис: Нидерланд астанасы Амстердамда өткен Tennis Europe Amstelpark Tennis Academy Trophy 2025 турнирінде отандасымыз Айым Қанағатова чемпион атанды.

Күрес: Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жерлестеріміз 3 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1034387?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді