
2025 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сатып алуларға арналған Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне (ЕӨТТ) 298 жаңа тауар және машина жасау саласындағы екі қазақстандық өндіруші – «Степногор мойынтірек зауыты» АҚ және «Оралагрореммаш» АҚ енгізілді.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі 2020 жылы өндірушілердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында құрылған болатын. Тізілім жұмыс істеген бес жыл ішінде «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының қолдауымен ЕӨТТ-не өнеркәсіптің түрлі салаларында жұмыс істейтін 17 қазақстандық өндірушінің 2955 тауары енгізілді. Оларың қатарында химия және мұнай-газ химиясы өнеркәсібі (3 өндіруші), мұнай-газ машина жасау (1 өндіруші), энергетикалық машина жасау, электротехника және кабель өнеркәсібі (4 өндіруші), арнайы машина жасау (2 өндіруші), медициналық бұйымдар өндірісі (5 өндіруші), жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі (1 өндіруші), жеңіл өнеркәсіп (1 өндіруші) салалары бар.
ЕӨТТ енгізілуі үшін өнім белгіленген өндірістік және технологиялық талаптарға сәйкес болуы керек. Бұл сәйкестік СТ-1 сертификаты немесе сараптама актісі арқылы расталуы тиіс.
Тауар өндірісіне қойылатын талаптар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы №105 шешімімен бекітілген «Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларында» реттелген. Қазақстандық өндірушілердің Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау қағидалары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 29 сәуірдегі №243 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып, өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» негізінде жүзеге асырылады.
QazIndustry отандық өндірушілерге Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне енгізу бойынша жан-жақты қолдау көрсетеді. Компания аналитикалық және консультативтік көмек ұсынып, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуларына қатысу барысында өнеркәсіптік тауар өндірушілер үшін кездесетін кедергілерді жоюға ықпал етеді.
ЕӨТТ және ЕАЭО елдерінің өндірушілері туралы толығырақ ақпаратты келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://goszakupki.eaeunion.org/erpt/ru/registers/products/list.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/952913

Жауап қалдыру