«Рақмет, анашым»: елордалық спортшылар ерекше челлендж бастады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордалық спортшылар нәзікжандыларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ерекше челлендж бастады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астаналық спортшылар аналарына алғыс білдірген құттықтауларын видеоға түсірді.
«Ана – әрбіріміздің өміріміздегі алғашқы және ең маңызды тәлімгер. Оның сүйіспеншілігі, қамқорлығы және қолдауы әрқашан сезіліп, қиындықтарды жеңуге көмектесіп қана қоймай, бізді алға жетелейді», – деді спортшылар анасына.
Олар барлығын #Рақметана #СпасибоМаме челленджіне қосылуға шақырды.
Челленджді қолдағандардың қатарында бокстан халықаралық турнирлердің чемпионы Әли Тоқтаров, кикбоксингтен спорт шебері Данияр Шымыров, қазақ күресінен спорт шебері Айбат Сейтен, дзюдодан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Ермұхан Естай, көркем жүзуден спортшы Эдуард Ким, сол сияқты хоккейшілер, тай боксшылары мен өзге де спортшылар бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/952916


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді