Қазақстан Республикасындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты әрі қолайлы деңгейде сақталуда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасындағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты әрі қолайлы деңгейде сақталуда.
2025 жылдың 25 аптасының қорытындысы бойынша елде холера, іш сүзегі және паратиф аурулары тіркелмеген.
 
📊 Аталған топтағы инфекцияларының болмауы жүргізіліп жатқан профилактикалық және қарсы індеттік шаралардың тиімділігін, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ведомстволық өзара іс-қимылдың үйлесімділігін дәлелдейді.
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ескертеді:
🔸 жеке бас гигиенасын сақтау,
🔸 қауіпсіз ауызсуды пайдалану,
🔸 тағам өнімдерінің сапасына және сақтау шарттарына назар аудару —
әркімге қолжетімді алдын алу шараларының негізі болып табылады.
🙏 Өз денсаулығыңызға қамқор болу — елдің жалпы амандығы мен қауіпсіздігіне қосқан үлес.
🧼 Таза қол, қауіпсіз су, тексерілген тағам — өмірді сақтайтын қарапайым әрекеттер.
💬 Денсаулығыңыз мықты болсын! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-turkestan/press/news/details/1034935?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді