
15 шілде күні облыстық әкімдіктің мәжіліс залында Мемлекеттік рәміздердің заң талаптары мен ережелерге сәйкес пайдалану ретін түсіндіретін облыстық семинар ұйымдастырылды. Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бас маманы Төлеужанов Марат Төлеубекұлы Мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандарттарына сәйкес түсініктеме берді. Әр мекемеден Мемлекеттік рәміздерге жауаптыларға әдістемелік құралдар үлестірілді. Шара барысында аудан, қала әкімдіктеріне, мемлекеттік мекемелерге, ведомстволық қарасты ұйымдарына рәміздердің жай-күйіне ішкі мониторинг жүргізу жөнінде ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/1035045?lang=kk

Жауап қалдыру