
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялау және келешек ұрпаққа таза, көрікті орта қалдыру – ел дамуының маңызды бағыттарының бірі. Осыған орай елімізде ауқымды жобалар қолға алынып, жер-жерде табиғатты қорғауға бағытталған іс-шаралар өткізілуде.
Солардың бірі – Мемлекет басшысының 2024-2029 жылдарға арналған “Таза Қазақстан” экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында және аудан тұрғындары арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен “Таза жағалау” атты экологиялық акция.
Аталмыш шара Ақши ауылы, Алакөл көлі жағалауында ұйымдастырылды. Акцияға “Жасыл ел” еңбек жасақшылары мен Алакөл ауданының жастары белсенді қатысып, 30-дан аса ерікті бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, көл жағалауынан 3 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы орындарға шығарылды.
Экологиялық акцияның басты мақсаты – жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоғамда экологиялық сана қалыптастыру. Мұндай шаралар өңір экологиясын жақсартумен қатар, ел азаматтарын қоршаған ортаға деген жауапкершілікке тәрбиелейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1035145?lang=kk

Жауап қалдыру