ҮЕҰ-ға арналған «QOLDAY» облыстық байқауына өтінім қабылдау жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірдің әлеуметтік саясатын жүзеге асырудағы үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру және жобаларына қолдау көрсетуге бағытталған «Qolday» облыстық байқауына өтінім қабылдануда. Жобаны Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ-сі ұйымдастыруда.

Өтінімдер 2025 жылдың 9 шілдесінен бастап, 8 тамызына дейін qolday2025@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Конкурсқа Атырау облысында тіркелген үкіметтік емес ұйым қатыса алады. Өтінімдер Конкурс ережесіндегі №1, №2 және №3 қосымшаларға сәйкес рәсімделіп, жоба туралы көлемі бес беттен аспайтын презентациямен бірге қабылданады.

Байқаудың толық ережесімен www.atyraunpo.kz сайтында танысуға болады.

Түсетін өтінімдер арнайы құрылған комиссиямен қаралады. Нәтижесінде, жеңімпаз атанған 6 үкіметтік емес ұйымның әрқайсысына 2 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмерлері: 8 702 595 60 48; 8 778 253 37 93

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1035238?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді