
Оқушылар арасында ең беделді халықаралық пәндік олимпиадалар басталды: IChO, IPhO, IMO, IBO, igeo, IOL, IOI. Осы маусымды қазақстандық оқушылар жақсы жаңалықтардан бастады. Халықаралық химия олимпиадасында (International Chemistry Olympiad, IChO-2025) ел атынан қатысқан төрт оқушы да жүлдеге ие болды, олардың екеуі – алтын медальдар, деп хабарлайды ҚР Білім министрлігі.
Олимпиада 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтті. Әлемнің 93 елінен 360-тан астам оқушы қатысқан бұл зияткерлік сайысқа Қазақстан ұлттық құрамасының төрт оқушысы үздік нәтижелер көрсетіп, еліміздің жас химиктерінің көшбасшылық мәртебесін тағы да растады.
I орын-Кирилл Ким, Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
I орын-Абылай Қабдулхадыр, Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
II орын-Еңлік Бақытбекова, Алматы қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы;
II орын-Ақтөбе облысының “Білім-инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы Аңсар Жақсылықов.
Ұлттық құраманың ғылыми жетекшілері: Санжар Бегдаир-Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST) магистранты, Халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы; Ринат Илусизов-халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы.
ҚР Білім Министрлігі жанындағы “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен ұлттық құрама бірқатар халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, биылғы оқу жылында еуропалық және халықаралық олимпиадаларда 100% нәтиже көрсетті.
Сипаттама: Бұл Олимпиада әлемдегі ең беделді жеті халықаралық олимпиаданың қатарына кіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы негізінде алтын медаль үшін 1 500 АЕК, күміс медаль үшін 1 000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы көзделген. Сондай-ақ, жетекші педагогтарға ынталандыру төлемдері қарастырылған. Өткен жылы Icho-2024 Олимпиадасында қазақстандық оқушылар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/1035232?lang=kk

Жауап қалдыру