«Бірлікпен гүлденген Сарыарқа» бірлік пен достықтың көрмесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Теміртау қаласының Жастар үйінде өткен іс-шарада Қарағанды облысы этномәдени бірлестіктерінің жетістіктері көпшілікке таныстырылды.
Шара барысында облыстың дамуы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі жайлы бейнефильм көрсетілді.
Көрмеде әртүрлі этностардың ұлттық , қолөнері мен мәдени дәстүрлері ұсынылып, көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынылды.
⠀Іс-шараға Қарағанды облыстық ҚХА қоғамдық төраға орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты И.В.Жабяк, Қарағанды облыстық ҚХА-ның Еврей мәдени орталығының төрағасы, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың төрағасы В.Б.Молотов-Лучанский, «Джорджия-2007» грузин қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Г.Г.Долидзе, ҚХА жанындағы этномедиация кеңесінің мүшесі Е.К.Ракишев қатысты.

   Сонымен қатар, Ассамблея мүшелерінің Теміртау қаласының қалалық ақсақалдар алқасымен кездесуі және SMART Assembly жобасының жетекшісі жастармен кездесуі өтті.
  Көрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды.

Бұл күн — бірлік пен достықты, өзара сыйластықты дәріптеген жарқын мереке болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-temirtau/press/news/details/1035337?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді