ІССАПАР: Құрылыс нысандарының сапасы – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан басшысы бүгінгі жұмыс барысында аудандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, сапасын бақылады. Алдымен аудан орталығында орналасқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы білім бөлімінің «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ-і жұмысымен танысты. Мекеме меңгерушісінің жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы өтініші бойынша облыстық білім басқармасына ұсыныс беру тапсырылды. Материалдық – техникалық базаны жаңғырту және мамандарды оқыту керектігін ескертті. Сонымен қатар, Дихан-2 ауылындағы тірек мектебінің күрделі жөндеу жұмыстары, Аққия елді мекенінде бой көтеріп жатқан 100 орындық мектеп құрылысын көрді. Бүгінде Дихан тірек мектебінде құрылыс қарқынды. Мұнда мектептің шатыры, есік-терезесі, едендері, жылу жүйелері мен электр желілері ауыстырылып, сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Ал, Аққия ауылындағы жаңа құрылыс қаржы мәселесіне байланысты баяу жүруде. Мұндағы мердігер өкілдері және жұмысшылармен жүздесті. Сондай-ақ, Төрткөл және Жаңасаз ауылындағы су құбыры желілері және су қабылдау имараты құрылысының барысын бақылады. Жауапты мердігер мен бөлім басшылығына құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын жіті қадағалауды тапсырды.

Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1036045?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді