
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сержанттар құрамы – әскери тәртіпті қамтамасыз ететін, жауынгерлік дайындық пен әскери бөлімдердің үйлесімді жұмысын ұйымдастыратын маңызды кәсіби әскери буын.
Сержанттар құрамы сарбаздар мен офицерлер арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді. Олар жеке құрамды оқытуға, әскери тәртіпті сақтауға және жауынгерлік тапсырмаларды орындауға жауапты.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжі еліміздің Қарулы Күштеріне кәсіби сержанттар даярлайтын орта арнаулы әскери оқу орны болып табылады.
Колледждің басты мақсаты – Қазақстан Қарулы Күштерінің сержанттар құрамын кәсіби деңгейде даярлау. 1996 жылдан бері оқу орны 4000-нан астам кәсіби сержантты даярлап шығарды, олар қазіргі уақытта еліміздің Қарулы Күштері мен басқа да күштік құрылымдарда табысты қызмет етуде.
Оқу мерзімі – 11 сыныптан кейін 1 жыл 10 ай, 9 сыныптан кейін 2 жыл 10 ай. Колледжде білім алу тегін, кадеттер тұратын орынмен, тамақпен және қажетті заттай мүлікпен қамтамасыз етіледі. Оқуды аяқтаған түлектерге әскери мамандық бойынша диплом беріледі және олар 100% жұмысқа орналастыру кепілдігіне ие болады. Оған қоса оқуды үздік аяқтағандар әскери жоғары оқу орындарына бірден 2 курсына түсу құқығына ие.
Колледжге қабылдау үшін үміткерлердің жасы 9 сыныптан кейін 15-тен 17-ге дейін, 11 сыныптан кейін 17-ден, 20-жастан кейін, ал арнайы орта білім немесе әскерден кейін 20-дан, 23 жасқа дейін болуы қажет. Мерзімді әскери қызметін өткергендер мен келісімшарт бойынша қызмет еткен әскери қызметшілер үшін жас шегі 24 жасқа дейін ұлғайтылған. Қабылдау кезінде аттестаттың орташа балы кемінде 3 болуы тиіс, ҰБТ нәтижелері талап етілмейді. Сондай-ақ, үміткерлер медициналық тексеруден өтіп, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсырып, психологиялық тестілеуден өтуі қажет.
Колледжге түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жүгінуі қажет. Оқу орнына қабылдау ережелері мен тәртібі туралы толық ақпаратты осы органдардан алуға болады.
Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжі кәсіби сержанттарды даярлауда маңызды рөл атқарады және Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосуда.
Біздің мекен жайымыз Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Қанай би көшесі, 209Г. Байланыс телефондарымыз +7 (771) 992-79-53 немесе көрсетілген QR код арқылы және сілтеме арқылы үміткерлерге арналған ватсап тобымызға қосылуларыңызға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/1036040?lang=kk

Жауап қалдыру