ТҮРКІСТАН: АРЫСТА КОММУНАЛДЫҚ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКА КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✔️Бүгін Арыс қаласында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында және «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында, коммуналдық сала қызметкерлеріне жаңа техникалар табысталды.
✔️Салтанатты шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, сала мамандарына техника кілттерін табыстады. Қала басшысы өз сөзінде еңбек адамдарын – жұмысшы мамандық иелерін ерекше атап өтіп, олардың қаланың көркеюі мен тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қосып отырған үлесін жоғары бағалады.
✔️Жаңадан алынған техникалар қатарында – 6 дана МТЗ-82 тракторы бар. Бұл техникалар қала аумағынан бөлек елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау жұмыстарында пайдаланылатын болады. Трактордың қосымша қар тазалайтын, жол сыпыратын құрылғылары және қатты тұрмыстық қалдықтарды тиеуге арналған бөліктері бар.
✔️Сонымен қатар қазіргі уақытта тағы да 2 жүк тиегіш пен 6 трицикл әкелінуде. Бұл көліктер қаланың тазалық деңгейін көтеруге, еңбек өнімділігін арттыруға және жұмысшылардың қызметін жеңілдетуге бағытталған.
✔️Жаңа техникалар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, санитарлық талаптарды сақтау жұмыстарының тиімділігін арттыруға сондай-ақ, халықтың өмір сүру сапасын көтеруге мол үлес қосатыны анық.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1036446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді