Өндірістік-диспетчерлік қызмет (ӨДҚ) қызметкерлері үшін Денге безгегі бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы аумағына жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Өндірістік-диспетчерлік қызмет (ӨДҚ) қызметкерлері үшін Денге безгегіне қатысты семинар өткізді.

Семинар барысында аурудың негізгі клиникалық белгілері, пайда болу себептері және тиімді алдын алу шараларын қолдану мәселелері қаралды. Әуе кемесінде аса қауіпті жұқпалы ауруға күдікті науқас анықталған жағдайда ӨДҚ кезекші диспетчерінің әрекет ету тактикасы түсіндірілді. Семинарға қатысушыларға Денге безгегінің алдын алу бойынша жадынамалар таратылды. Бұл вирусқа қарсы қорғаныс шараларын күшейтіп, оның таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1036478?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді