
Ақтауда Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының «Жоғары лига» сайысы аясындағы 1/4 ширек финалдық кезеңі өтті. Ойын өңірлік жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысушы командалар үш топқа бөлініп, «Сәлемдесу» кезеңі бойынша өнер көрсетіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй мен тартысты бәсеке сыйлады. Әр команда тапқырлық пен сахна мәдениетін үйлестіріп, ерекше ойын өрнегін көрсетті.
Командалардың өнеріне кәсіби әрі тәжірибелі қазылар алқасы баға берді. Қазылар қатарында ардагер жайдарманшылар Дәулет Сағынтаев, Нұрлыбай Жұмағалиев, Нұртай Қоңыратбаев, Бауыржан Базарбай, сондай-ақ Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Данияр Айса мен кәсіпкер Эльмира Абатова болды.
Қазылар алқасының шешімімен жартылай финалдық кезеңге «А» тобы бойынша асабалардан құралған «Календарь» командасы, Бейнеу ауданынан келген тапқыр «Бейнеу құрамасы» жолдама алды. Ал, «Б» тобы бойынша Ақтау қаласынан шыққан жас әрі серпінді «Жайлы» командасы, көп жылдық тәжірибесімен көзге түскен «YUstaz» құрама командасы, «С» тобы бойынша мұғалімдерден жасақталған беделді «Ұстаздар құрамасы», еркін форматтағы тапқыр топ «Атамекен» құрамасы жолдама алды.
Алдағы уақытта жартылай финал өтетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-zhastar/press/news/details/1036495?lang=kk

Жауап қалдыру