
2025 жылғы 16 шілдеде Шахтинск қаласында «Көрнекі ақпаратты рәсімдеу және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңын сақтау» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға кәсіпкерлік субъектілері, кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар мен өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында сөз сөйлегендер:
Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Сарсенбай Баймендіұлы Жаппаров;
Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева.
Семинарда қатысушыларға жарнама, маңдайша жазулар, көрсеткіштер және өзге де көрнекі ақпарат нысандарын мемлекеттік тілде рәсімдеу талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің практикалық қолданылу мәселелері қарастырылды.
Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құзыретті мамандардан толық жауап алды.
Тіл туралы заңнама мен көрнекі ақпаратты рәсімдеу ережелерін сақтау – әрбір кәсіпкердің азаматтық міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1036731?lang=kk

Жауап қалдыру