
Қуана хабарлаймыз: adilet.zan.kz сайтында енді сұрақтарыңызға жылдам, түсінікті әрі ыңғайлы түрде жауап беретін бот-көмекші жұмыс істейді. Енді ақпаратты ұзақ іздеудің қажеті жоқ — сұрағыңызды жазыңыз, бот сізге көмектеседі:
• қажетті нормативтік құқықтық актіні қайдан табуға болатынын;
• күрделі заң терминдерін қалай түсінуге болатынын;
• ҚР заңнамасында қалай бағдарлануға болатынын; .
•және тағы басқаларын айтып береді.
Бәрі өте оңай:
- adilet.zan.kz сайтына кіріңіз.
- Ботпен чат терезесін табыңыз.
- Сұрағыңызды жазыңыз — бірнеше секунд ішінде жауап алыңыз.
- Бот тәулік бойы қолжетімді, онымен жұмыс істеу шынымен де оңай әрі ыңғайлы. Бүгіннен бастап қолданып көріңіз — ақпаратты іздеу бұрынғыдан да жылдамырақ әрі жағымды болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1036815?lang=kk

Жауап қалдыру