
📍Тағайындау
«ҚР Сайлау туралы» Заңына сәйкес, 2025 жылдың 13 шілде күні Жағатал ауылдық округі әкімінің лауазымына сайлау өткізілді.
Осыған орай, бүгін аудан әкімі А.Абдинов Жағатал ауылдық округі әкімін тағайындау туралы жергілікті қоғамдастықпен кездесу өткізді.
Сайлау қорытындысы бойынша, Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлы – Алакөл ауданы әкімінің 2025 жылғы 16 маусымдағы №14 қаулысымен Алакөл ауданы Жағатал ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Тұрлыбеков Қайрат Берікбайұлы – 1968 жылы 26 мамыр күні Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласында дүниеге келді. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары. 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Соңғы жұмыс орны: 2021 жылдан бері Жағатал ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды.
Жалпы еңбек өтілі: 38 жыл, 8 ай.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 30 жыл.
Кездесуде аудан әкімі А.Абдинов тағайындалған округ әкіміне жүктелген негізгі міндеттерді жан-жақты атап өтіп, қызметіне сәттілік тіледі.
Бұл жауапты қызметте Қайрат Берікбайұлының тәжірибесі мен іскерлік қабілеті ел Президентінің саясатын, мемлекеттік даму бастамаларын жергілікті деңгейде тиімді іске асыруға серпін беретініне, халықпен ашық диалог құрып, өңірдің өркендеуіне өз үлесін қосады деп сенеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1036901?lang=kk

Жауап қалдыру