АБАЙ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Инфрақұрылымдық жобалар ауданның даму қарқынын арттырып, тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетуде маңызды рөл атқарады. Абай ауданында биыл 50 көшеге 45 шақырым аяқжол салынады. Қазір 268 көшеге жарық жүйесін орнатудың бірінші кезеңі басталды. Биыл аудан көшелерін 100 пайыз жарықтандыру жоспарлануда. Бұл жобалар аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Өткен жылы 254 көше жарықтандырылып, 23 көшенің бойына 10 шақырым аяқжол салынған болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданда жоспар аясында кезең-кезеңімен атқарылуда.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қыметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/954481


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді