Жаз мезгілі – балалар үшін тек демалыс кезеңі ғана емес, денсаулықтарын кешенді тексеруден өткізуге таптырмас мүмкіндік. Осы мақсатта дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Салауатты жаз – 2025» республикалық медициналық-әлеуметтік акциясы аясында білікті дәрігерлерден құралған топ ауыл-аймақтарды аралап, балаларға тегін тексеру жүргізуде.
Медициналық автобус ауылдық жерлерге арнайы барып, сапалы қызмет көрсетуде. Көптеген ата-аналар көрсетілген көмекке ризашылықтарын білдіріп жатыр.
Диагностикалар тізімі:
Көру қабілеті
Ауыз қуысының жағдайы
Ішкі ағзалардың УДЗ-диагностикасы
Хирургиялық кеңес пен тексерулер
Айта кетсек, аталған акцияның басталғанына 3 апта болды. Осы уақыт ішінде дәрігерлер тобы Бөген және Жеңіс ауылдарында болды. Ал, осы аптада «Салауатты жаз» акциясы Бөген ауылында жалғасын табуда.
Балалардың денсаулығына алаңдайтын ата-аналар үшін бұл – үлкен мүмкіндік.
«Салауатты жаз» – бұл тек тексеру емес, бұл – балалар болашағына қамқорлық.
Жауап қалдыру