
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасындағы пойыз бригадалары мен жабдықтаушылар үшін санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімді орындау мақсатында, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, жабдықтаушылардың теміржол көлігі объектілерінде инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың улануы мен өршуінің алдын алу мақсатында, 2025 жылғы 15 шілдеде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен, аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, туберкулездің және тағамнан уланудың алдын алу, «Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық», сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жаза түрлері және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы «Жолаушылар тасымалы» – «Қала маңындағы тасымал» АҚ Қарағанды аймақтық филиалының электропойыздар жолсеріктері мен пойыз бригада нұсқаушылар арасында түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді.
Іс-шара аясында қатысушылармен пікір алмасылды, сұрақтарға жауаптар берілді, өзекті тақырыптарға жадынамалар, брошюралар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1037153?lang=kk

Жауап қалдыру