Ғалым Ахмедьяров Күләш Байсейітова атындағы ҚазҰӨУ ректоры болып тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры болып Ғалым Алғиұлы Ахмедьяров тағайындалды.
Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
Бұған дейін «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры (2016–2025) қызметін атқарған, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болған, «Қазақ әуендерін» басқарған, сондай-ақ Республикалық ұлан Президенттік оркестрінің солисі және ансамбль жетекшісі ретінде жұмыс жасаған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/954366


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді