Азаматтарды қабылдау өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 18 шілдеде Қоғамда «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерлету шеңберінде Ақмола облысы Әділет департаментімен   адвокаттың, нотариустың және жеке сот орындаушылардың қатысуымен  «Ақсай» нан-тоқаш комбинаты»   ЖШС- да азаматтарды қабылдау өткізді.

Аталған шараның мақсаты – жүгінген азаматтарға құқықтық көмек көрсету болып табылады.

Кездесу барысында азаматтарға атқарушылық іс жүргізу,  жылжымайтын мүлікті бөлу және мұрагерлікті, мүлік үлесін иеліктен шығаруды ресімдеуге қатысты және басқа да сұрақтар бойынша құқықтық көмек көрсетілді.

Департамент өкілі Азаматтарға цифрлық көмекші (чат-бот) арқылы заң көмегін көрсету мүмкіндігі туралы ақпаратты жеткізді, сондай-ақ білікті заң көмегін, оның ішінде кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібі мен мүмкіндіктерін түсіндірді.

 

Ақмола облысы

Әділет департаментінің

баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1037112?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді