
Қазақстан бойынша кең көлемде өтетін «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Науқанның басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, патриоттық рухты арттыру және табиғатқа жанашырлықпен қарау, құндылықтарын насихаттау.
Ауқымды шара барысында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясының облыстық филиалының төрағасы Қайрат Салыбек аудан тазалығына үлес қосып жүрген «Таза қала» КММ қызметкерлеріне қаржылай сыйақы табыстап, қосымша бір миллион теңгеге қажетті құрал-саймандармен, сенбілікке қатысушыларды сусындармен қамтамасыз етті. Бұл қолдау – адал еңбек пен қоғамдық жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Аудан әкімі Арман Абдуллаев депутаттың игі бастамасын жоғары бағалап, халық қалаулысына алғысын білдірді.
Таңғы сағат 8:00-де басталған жұмыстар барысында аудан аумағындағы көшелер күл-қоқыстан тазартылып, шөптер орылып, шабылды. Сонымен қатар, Телемұнара шағын ауданының аумағында жүргізілген тазалық жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» партиясының облыстық филиалының төрағасы Қайрат Салыбек және тұрғындар белсене атсалысты.Тазалық жұмыстары республикалық, облыстық және ішкі көшелер бойында атқарылды.Аудан басшысы арнайы сенбілік жүргізіліп жатқан аумақтарды аралап, сала басшыларына жұмысты жүйелендіруді тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1037287?lang=kk

Жауап қалдыру