Қызылорда облысында ерікті өрт құрлымдарын қолдау үшін өрт сөндіру бекеті ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🚒 Жаңақорған ауданы Манап ауылдық округінде жергілікті атқарушы орган құрған жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Оны құрудың негізгі мақсаты ауыл халқының өртке қарсы қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ өңірде белсенді дамып келе жатқан өртке қарсы ерікті құралымдардың қызметін қолдау болды.

Мұндай бекеттер желісін дамыту ТЖ-ға дайындықты арттырудағы негізгі қадамдардың бірі, әсіресе, кәсіби өрт күзетінің тұрақты бөлімшелері жоқ шалғай елді мекендерде.

«Ерікті өрт сөндіру құрамалары өрттерді және басқа да оқиғаларды жою кезінде өздерінің тиімділігін дәлелдеді», – деп атап өтті ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Мадияр Мырзагелдиев.

Өрт сөндіру бекетінің ғимараты кезекшілік атқару және жедел әрекет ету үшін қажетті барлық жабдықтармен жабдықталған: заманауи «Урал» маркалы өрт сөндіру автомобилі, арнайы техникалық жабдықтар, сондай-ақ персоналға арналған жатын аймақтар мен асхана.

Манап ауылындағы жаңа өрт сөндіру бекеті азаматтық қорғау инфрақұрылымын дамытуға және ерікті өрт құрамаларын қолдауға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1037326?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді