«МІНДЕТ! ЕРЛІК! АБЫРОЙ!» ӘНІН ЖАРЫҚҚА ШЫҒАРҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев «Міндет! Ерлік! Абырой!» әнін жарыққа шығарып, арнайы бейнеклип түсірген барлық шығармашылық ұжымға алғыс білдіріп, марапаттады.

– Бүгін біз сіздермен ерекше себеппен бас қосып отырмыз. Сіздердің шығармашылық еңбектеріңіздің нәтижесінде дүниеге келген «Міндет! Ерлік! Абырой!» әні – ішкі істер органдарының бейнесін жаңа деңгейге көтерген рухани туындыға айналып отыр. Бұл ән – намыс пен ерлікті ұлықтаған жүректің үні. Онда тек әуен мен сөз ғана емес, елге қызмет етудің қастерлі ұғым екені, антына адал азаматтың жан сыры жатыр. Туындыда байырғы батыр бабаларымыздың рухы мен бүгінгі полицейдің жанкешті еңбегі қатар өрілген, – деп атап өтті облыстың бас полицейі.

Департамент бастығы Мейрам Әбікеев бүгінгі қоғамға дәл осындай шынайы, сенімді, рухты көтеретін шығармалар қажеттігін айтты. Осы туынды арқылы барша сала қызметкерлерінің намысы мен рухы асқақтағанын жеткізді. Ішкі істер министрінің және өз атынан осы шығарманы дүниеге әкелген әрбір жанға алғыс білдірген полиция полковнигі Мейрам Әбікеев әрдайым рухани шығармашылық жұмысты қолдайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, тәртіп сақшыларынан құралған «ZanMen» тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан полиция күніне орай Астанада өткен мерекелік концертте «Міндет! Ерлік! Абырой!» әнінің тұсауын кесіп, көпшіліктің ыстық ықыласын бөленді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов туындының сәтті шыққанын атап, шығармашылық ұжымның еңбегін жоғары бағалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1038098?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді