
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемұлы Рүстемов және “AMANAT” партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Жаңақорған ауданына іс-сапар барысында Байкенже ауылдық округіндегі 2024 жылы пайдалануға берілген № 193 орта мектебінде болып, білім ордасының қазіргі жай-күйімен танысты.
Халық қалаулысы мектептің материалдық – техникалық базасын, оқу кабинеттері мен спорт және акт залдарымен танысты.
Мұнан соң сенатор ауыл тұрғындарымен кездесіп, өтініш – тілектерін тыңдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1038262?lang=kk

Жауап қалдыру