
«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ, Алматы қаласы бойынша денсаулық сақтау саласында 2025-2026 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен, медициналық кадрларды Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) резидентурада даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру үшін қажет етілетін мамандықтардың тізімдемесін мәлімет ретінде жеткізіп отыр.
Резидентурада медициналық кадрларды дайындауға Алматы қаласы бойынша Жергілікті атқарушы органның (әрі қарай ЖАО) білім беру грантының клиникалық мамандық бойынша 2025 жылға жоспарланған құрамы төмендегі тізімде ұсынылады:
- Акушерия және гинекология (ересектер, балалар) -5 грант;
- Аллергология және иммунология (ересектер, балалар) -3 грант;
- Аллергология және иммунология (балалар)-1 грант;
- Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)-5 грант;
- Анестезиология және реаниматология (балалар) -3 грант;
- Ангиохирургия (ересектер, балалар)-1 грант;
- Балалар хирургиясы -3 грант;
- Гастроэнтерология (ересектер, балалар)-2 грант;
- Гематология (ересектер)- 1 грант;
- Дерматовенерология (ересектер, балалар)-2 грант;
- Жалпы хирургия-5 грант;
- Жақ-бет хирургиясы (ересектер, балалар)-1 грант;
- Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар)-3 грант;
- Инфекциялық аурулар (балалар)-3 грант;
- Кардиология (ересектер, балалар)-5 грант;
- Кардиохирургия (ересектер, балалар)-2 грант;
- Клиникалық зертханалық диагностика -2 грант;
- Клиникалық фармакология-5 грант;
- Неврология (ересектер, балалар)-6 грант;
- Неврология (балалар)-1 грант;
- Нейрохирургия (ересектер, балалар)-2 грант;
- Неонатология-2 грант;
- Нефрология (ересектер, балалар)-1 грант;
- Онкология (ересектер)-1 грант;
- Онкология және гематология (балалар)-1 грант;
- Отбасы медицинасы -8 грант;
- Оториноларингология (ересектер, балалар)-5 грант;
- Оториноларингология (балалар)-1 грант;
- Офтальмология (ересектер, балалар)-5 грант;
- Педиатрия-5 грант;
- Психиатрия (ересектер, балалар)-4 грант;
- Пульмонология (ересектер, балалар)-3 грант;
- Радиология-3 грант;
- Ревматология (ересектер, балалар)-1 грант;
- Терапия-6 грант;
- Травматология-ортопедия (ересектер, балалар)-2 грант;
- Травматология-ортопедия (балалар)-2 грант;
- Урология және андрология (ересектер, балалар)-1 грант;
- Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар) -3 грант;
- Фтизиатрия (ересектер, балалар)-3 грант;
- Эндокринология (ересектер, балалар)-2 грант.
Барлығы – Алматы қ. ЖАО жергілікті қаражаты есебінен дәрігерлерді резидентураға дайындау үшін 2025 жылға 120 клиникалық мамандық бойынша білім гранты жоспарланды.
Қызметті сатып алудың мақсаты – мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жергілікті атқарушы органның (ЖАО) бюджеттік қаражаты есебінен медициналық кадрларды Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) даярлау.
Сонымен қатар, бұл қызмет ЖЖОКБҰ санатына енетін барлық Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарынына қатысты, олар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім беру саласындағы заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына (бұдан әрі – МЖМББС), санитариялық-гигиеналық нормативтер және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ үшін жоғары оқу орнынан кейінгі мамандарды даярлауға мемлекеттік білім тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жарияланады (бұдан әрі- Конкурс).
Медициналық Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (ЖЖОКБҰ) конкурстық құжаттамасы, Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы №27 Бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес, Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығының 1-қосымшаның 12-тармағына сәйкес, және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 маусымда № 34551 болып тіркелген “Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-270/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2024 жылғы 21 маусымдағы № 27 бұйрығына сай, ЖЖОКБҰ (білім беру ұйымдары, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар және ғылыми-зерттеу институттары) ЖАО-ға 2025 жылғы 23 тамызынан кешіктірілмей, бекітілген Техникалық сыпаттамаға сай электрондық форматта конкурстық өтінімді растайтын мынадай құжаттарды қамти отырып, конкурстық өтінім береді береді:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінім;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сауалнама;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпараттық карта;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ұсыныстары.
5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша аккредиттелген резидентура базаларының болуы туралы ақпараттық карта.
Білім беру ұйымдары ұсынған конкурстық өтінімге даулы мәселелер туындаған жағдайда Комиссия қосымша растайтын құжаттарды сұратады.
Растайтын және қосымша құжаттар үш күн мерзімде ұсынылмаған жағдайда Комиссия білім беру ұйымының өтінімін қабылдамайды;
Конкурсқа қатысу үшін, медициналық ЖОО-лар «Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ға келесі құжаттармен бірге конкурстық тапсырыс береді:
– электронды форматта ……………… электрондық поштаға ұсынылады;
– конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленіп, ЖОО-ның бірінші басшысының қолы қойылуы тиіс, мөр басылады және хабарландыруда көрсетілген тәртіп бойынша ұсынылуы қажет.
Конкурстық құжаттама Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, бөлу және орналастыру жөніндегі Конкурстық комиссиясының отырысында қарастырылады және бағаланады.
(«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ
құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімі,
мекен жайы Республика даңғылы, 4-үй, 241 каб).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1038299?lang=kk

Жауап қалдыру