
2025 жылғы 21 шілде күні Бұлақты ауылдық мәдениет үйінде «Өнер мен тәрбие – егіз ұғым» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – ұлттық өнердің тәрбиелік маңызын насихаттау, жастардың рухани дүниесін байыту, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын ояту болды. Жиынды мәдениет үйінің меңгерушісі ашып, қатысушыларды қарсы алып, бүгінгі тақырыптың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде:
«Өнер – ұлттың жаны, тәрбие – сол жанның бағыты. Екеуін бөліп қарау мүмкін емес. Бала жастан құлаққа сіңген күй, жырға айналған ғибрат – ұрпақ тәрбиесінің алтын өзегі», – деп атап өтті. Шара соңында қатысушылар бір-біріне ризашылығын білдіріп, осындай мазмұнды кездесулердің жиі өтуі қажет екенін айтты.
Бұл дөңгелек үстел – тек кездесу емес, жүректерге жол тартқан рухани әңгіме болды. Өнер мен тәрбиенің қатар жүруі – ел болашағының кепілі екенін тағы бір мәрте еске салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-beskol/press/news/details/1038821?lang=kk

Жауап қалдыру