Балалардың жазғы демалысы қызықты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

      Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушылары жазғы демалыс кезінде балалардың уақытын тиімді өткізу мақсатында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында және «Жастар саябағында» спорттық жарыстар ұйымдастырды.

      Жасөспірімдер арқан тарту, секірмек, асық ату және балалар қалашығы сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті. №18, №24 үйлер мен 3 мөлтек ауданындағы №3 және 4 үй аулаларында өткен шараларға колледж оқытушылары Ж.Салыбекова, Г.Бүрлібаева, Ж.Мәселбек және А.Шымырбекова белсене атсалысты.

      Шара барысында колледжге түсу шарттары мен жеңілдіктер туралы ақпарат беріліп, жұмысшы мамандықтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау таныстырылды. Қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

     Ұйымдастырушылар мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1038916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді