
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының «Жылу энергетикасы туралы» Заңы күшіне енді. Заңға сәйкес, жылу өндіруші және жылу таратушы ұйымдар жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарынан мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйеге үзіліссіз қашықтан беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл талаптарды енгізу:
-
Төлемдер мен есеп айырысудың ашықтығын арттыруға;
-
Жылу тұтынуын дәл әрі сенімді есепке алуға;
-
Жылу шығындарын азайтуға;
-
Энергия тиімділігін арттыруға бағытталған.
Осыған байланысты 2025 жылғы 22 шілдеде Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Қылышбаев Айдос Бейсенбайұлының төрағалығымен жылу энергиясын есепке алу аспаптарын «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК теңгеріміне беру мәселесі бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске облыстық және қалалық мемлекеттік органдардың, елді мекендер әкімдіктерінің, «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК-ның, сондай-ақ КСК, ОСИ және ПТ өкілдері қатысты.
Кеңес барысында есепке алу аспаптарын түгендеу, техникалық қызмет көрсету, заңды түрде теңгерімге беру мәселелері талқыланды. Бұл жабдықтарды арнайы ұйымның теңгеріміне өткізу – есепке алу жүйелерінің жұмысын орталықтандырып бақылауға, үздіксіз мәлімет беруін қамтамасыз етуге және заң талаптарын толық орындауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kokshe-inspekcia/press/news/details/1038913?lang=kk

Жауап қалдыру