
2024 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысында 266 білім және тәрбие беру ұйымы профилактикалық бақылаудан (бұрынғы мемлекеттік аттестаттау) өтті. Олардың ішінде 25 балабақша, 1 колледж және қалғаны мектептер. Алайда бұл ұйымдардың тек алтауы ғана аталған рәсімнен бірінші реттен өте алды. Бұған әртүрлі себептер әсер етті – мектеп кестесіндегі қарапайым кемшіліктерден бастап инклюзивті білім беру талаптарының орындалмауына дейін.Павлодар облысы бойынша Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гулнара Каиртасовна Уздембаева жуырда «Прииртыш жұлдызы» газетіне берген сұхбатында ведомствоның қазіргі қызметі мен міндеттері туралы жан-жақты айтып берді.
«Сапа – басты назарда» атты Марина Кисенко мақаласын «Прииртыш жұлдызы» газетінің беттерінен оқи аласыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1039044?lang=kk

Жауап қалдыру