АУДАНДЫҚ МАСЛИХАТТЫҢ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін аудандық мәслихатының кезектен тыс 35-сессиясы өтті.
Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Талғат Жанысбаев, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері мен мәслихат депутаттары қатысты.
🗳 Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1️⃣ 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №26/1 шешімге сәйкес, 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашылар – ауыл округ әкімдері.
2️⃣ Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларынан шығып қалған мүшелердің орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы.
Хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Ахметов.
Сессия барысында депутаттар ұсынған мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1039131?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді