
10-15 шілде аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен унифайттан Азия чемпионатында Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті:
Қ. Күмісбек – 40 кг,
2-орын
Қ. Абилхан – 45 кг,
2-орын
Н. Сабыр – 60 кг,
3-орын
А. Тілеубек – +95 кг,
1-орын
Н. Абдулла – 80 кг,
1-орын
Б. Бақтиёров – 85 кг,
1-орын
Д. Құрманбек – +80 кг,
1-орын
К. Алпысбай – 57 кг,
1-орын
Е. Абдубай – +52 кг,
1-орын
А. Нұрланқызы – 52 кг,
1-орын
Қ. Анарбек – +62 кг,
1-орын
А. Салсалбек – 65 кг,
1-орын
19-21 шілде күндері Венгрияның Будапешт қаласында өткен “Polyák Imre & Varga János Memorial” рейтингтік халықаралық турнирінде 57 келі салмақта Раймова Нилуфар
қола жүлдені жеңіп алды.
15-18 шілде аралығында Будапештте өткен ересектер арасындағы халықаралық турнирде Түркістан облысының спортшысы, ұлттық құраманың мүшесі Есенгелді Асылжан 61 кг салмақта
үшінші орын иеленді.
12-13 шілде күндері Тайпей (Тайвань) қаласында өткен Ашық Азия кубогында 90 кг салмақта Хамза Дидар
қола жүлдегер атанды.
10-13 шілде аралығында Астана қаласында өткен “Kazakhstan Open” халықаралық турнирінде Түркістан облысының каратэшілері үздік нәтиже көрсетті:
Айзере Абдрасил –
1-орын
Елнұр Түребек –
1-орын
Гүлмира Үсенова –
1-орын
ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, облыстың үздік спортшысы Сәкен Бибосынов Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп шықты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1039406?lang=kk

Жауап қалдыру