
Жаздың ыстық күндері Есіл ауданындағы жылы аялдамалар салқындату режимінде жұмыс істесе, ал қыстың қақаған суығында жылыту жүйесі қосылып, қоғамдық көлікті күтуге жайлы жағдай жасайды.
Қазіргі таңда Есіл ауданы әкімдігі күн сайын 132 автобус аялдамасына қызмет көрсетеді. Оның 50-і – жылы аялдамалар, 7-і – вандализмге қарсы, 75-і – ашық үлгідегі аялдамалар.
Жылы аялдамаларда барлық қажетті жағдай қарастырылған: орындықтар, қоқыс жәшіктері, кондиционерлер орнатылған. Бұл аялдамалар тұрғындар үшін мейлінше қолайлы. Барлық жылы аялдамаларда телефон қуаттайтын розеткалар, жарықтандыру құрылғылары бар, терезелері панорамалық үлгіде.
Әрине, вандализм, бұзылу немесе техникалық ақаулар сияқты жағдайлар да болып тұрады. Бұл мәселелердің қалай шешілетінін Есіл ауданы әкімдігінің өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Саят Сатжанов айтып берді.
Саят Сатжанов, өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы:
— Иә, вандализм фактілері кездесіп тұрады – олармен аудандық Полиция басқармасы айналысады. Ал ақаулар мен бұзылуларды біз жедел түрде жөндейміз. Күн сайын таңғы сағат 4-те аялдамаларға ылғалды тазалық жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар аялдамаларды күтіп ұстау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі: қажет болған жағдайда әйнектер мен есіктер ауыстырылады немесе жөнделеді.
Есіл ауданының инфрақұрылымын одан әрі жақсарту аясында жыл соңына дейін тағы 5 жылы аялдама орнату жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-esil/press/news/details/1039389?lang=kk

Жауап қалдыру