
Астана қаласында №1 индустриялық паркте орналасқан «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты алтын және басқа да бағалы металдарды қоспалардан тазартып, жоғары сапалы өнім шығарады. Кәсіпорын ТМД елдерінде баламасы жоқ, озық үлгідегі аффинаж технологиялары бойынша жұмыс істейді. Бұл әлемдік стандарттарға сай келетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Биыл зауытта мерейтойлық 30 мыңыншы алтын құйма шығарылды.
Толығырақ репортажда, төмендегі сілтеме бойынша:
https://jjtv.kz/ru/glavnye-novosti-21-07-2025-g_45256

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1040139?lang=kk

Жауап қалдыру