
25 шілде 2025жылы Қорағаты ауылдық мәдениет үйінің фоесінде аудан әкімінің орынбасары Исмайл Қайрат Әбілханұлы, Т.Рысқұлов ауданы кеңес беру кабинетінің психологы Амантай Жансая Жеңісбекқызы, Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ахмет Нартай Мұратұлы, Қорағаты ауылдық округінің әкімі Аблазимов Бақытбек Жақсымбетұлы және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Мерейлі отбасы-әділетті қоғам» атты тақырыбында акция өткізілді. Акцияның мақсаты: аудан тұрғындары арасында ерте жүктіліктің, ажырасулардың және суицидтің алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы кеңес беру кабинетінің психологы Амантай Жансая Жеңісбекқызы «Өмір» атты тақырыбында тренинг өткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-koragaty/press/news/details/1040346?lang=kk

Жауап қалдыру