
Атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алу, егер атқарушылық құжатта өзгеше тәртiп белгiленбесе, бiрiншi кезекте борышкердiң ақша сомаларына, оның iшiнде банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда тұрған ақша сомаларына да қолданылады.
Сондай-ақ, борышкердiң банктердегi немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы ақшалай сомаларынан өндiрiп алуды сот орындаушысы инкассолық өкiм шығару арқылы жүзеге асырады.
Айта кететін жәйт, сот орындаушыларына шоттың сипаттамалары көрінбейді, яғни олар бұл шоттардың не үшін ашылғаны жөніндегі (жалақы, зейнетақы, жәрдемақы немесе т.б.) ақпаратпен қамтылмайды.
Осыған байланысты, сот орындаушылары борышкердің барлық шоттарына тыйым салу туралы қаулыны жолдайды, бұл ретте Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес өндіріп алуға болмайтын ақшалай қаражаттарға тыйым салмау туралы белгі көрсетіледі.
Мұндай жағдайларда, егер борышкер сот орындаушысына аталған шотқа жалақы, зейнетақы, жәрдемақы немесе өндіріп алуға жатпайтын басқада төлемдер түсетінін растайтын құжаттарды ұсынса, бұл шоттан тыйым алынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1040643?lang=kk

Жауап қалдыру