Облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен ДУИС алаңында ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған рақымшылық жасау туралы заңды іске асыру бойынша кеңесі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24.07.2025ж. облыстың ҚАЖД алаңында «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды іске асыру бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Кездесуге облыстық соттың басшылығы, облыс прокуратурасының, ҚАЖД, сондай-ақ түзеу мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Рақымшылық Қазақстан Республикасы Конституциясының – елдің Негізгі Заңының 30 жылдығына орайластырылған. Ең алдымен, Заң әлеуметтік осал азаматтарды жазалауды жеңілдетуге бағытталған. Алдағы рақымшылық облыс бойынша 1 мыңнан астам сотталушыны қамтиды.

Кеңеске қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, құқықтық қолдау, сотталғандарды уақтылы хабардар ету, сондай-ақ рақымшылыққа жататын адамдарды одан әрі әлеуметтік бейімдеу қажеттігін талқылады.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1040745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді