«Lufthansa» әуе компаниясының Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтату себептеріне қатысты ғаламторда тараған шындыққа жанаспайтын ақпарат пен дәлелсіз пайымдауларға байланысты келесіні хабарлаймыз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Lufthansa» әуе компаниясының ресми ақпаратына сәйкес, ұшулар 2025 жылғы 26 қазан мен 2026 жылғы 29 наурыз аралығында келесі себептерге байланысты уақытша тоқтатылады:

  1. Әскери қақтығыстарға байланысты Ресей Федерациясының әуе кеңістігін айналып ұшу компания шығындарының артуына әкелді.
  1. Әуе кемелерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің жеткізілуінің кешігуі де әсер етуде. Қазіргі уақытта көптеген халықаралық әуе компаниялар тапсырыс берген әуе кемелерін уақытында ала алмауына байланысты өздерінің тасымалдау жоспарларын қайта қарауда.
  1. Маусымдық жолаушылар ағынының төмендеу үрдісі көптеген әуе тасымалдаушыларына тән.

Сонымен қатар, Астана және Алматы қалалары арқылы ұшу компанияның жеке шешіміне байланысты рейстердің жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында жалғасып жатқанын атап өтеміз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1040803?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді